12.04.2024 ж. күні Республикалық «МЕНІҢ БАУЫРЫМ» және педагогикалық бейіндік сынып жобалары аясында Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің бөлім меңгерушілері мен студент волонтерлері облысымыздың негізгі орта білім беру ұйымдарының 7-9 сынып оқушылары мен мектеп ұстаздары арасында «МҰҒАЛІМ БОЛУ – МАҚТАНЫШ» атты мамандықтар бойынша кәсіби бағдар беру кездесуін өткізді. Жалпы іс-шараға 97 оқушы мен 86 мектеп мұғалімдері қатысты.
Колледж волонтерлері, атап айтқанда: «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінен студенттер Сүлеймен С. (МД-21 тобы), Рябова Т. (гр.Д-21); «Бастауыш білім беру» бөлімінің студенті Айтамбетова Р. (Б-22 тобы); «Музыкалық білім беру» бөлімінін студенті Бейсембаев С. (М-20 тобы); «Көркем еңбек» бөлімінің студенті Ерген А. (КЕ-20 тобы); «Қазақ тілі және әдебиеті» бөлімінің студенті Амантаева Т. (Қ-20 тобы); «Шетел тілі» бөлімінің студенті Макишева Т. (Ш-21 Б тобы); «Дене тәрбиесі және спорт» бөлімінің студенті Темирханов А. (ДШ-22 А тобы), Редин А. (ДШ-22 Б тобы) әр бөлімнің тыныс-тіршілігі бойынша таныстырды.
«Көркем еңбек» бөлімінің меңгерушісі, арнайы пәндер оқытушысы, педагог-зерттеуші Рахымбаева Т.Қ жалпы колледж бойынша оқушылар мен мұғалімдерге экскурсия ұйымдастырды. Оқытушылар мен студенттердің жетістіктері туралы айтылып, мектеп оқушыларын колледжге оқуға шақырды.