19.04.2024 ж. күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің студенттері Екпінбай Наргиз, Ерланқызы Маржан, Өсерәлі Диана «Менің бауырым» жобасы аясында Қарағанды қаласы «Сәкен Сейфулин атындағы гимназия-мектебі» оқушыларына «Еңбек түбі- береке, көптің түбі мереке» атты тәрбие сағатын өткізді. Шараның негізгі мақсаты: Еңбектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру және еңбек жасау дағдыларын дамыту, қызығушылықтарын арттыру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Тәрбие сағаты жоғары деңгейде өтті, білім алушылар еңбек адамының қоғамдағы орны туралы өз ойларымен бөлісті.