23.04.2024 ж. күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің волонтерлері Туғанбай Адель, Бекет Балауса «Менің бауырым» жобасы аясында «Дарынды бала» балабақшасында адами қасиеттерді дәріптеу, ізгілікке, ұлттық құндылықтарды танып білу мақсатында бүлдіршіндерге ойын форматында танымдық сабақ ұйымдастырды. Студенттер балақайларға ойын барысында балаларға ұлттық аспаптар мен шолпы, білезік, сақина секілді ұлттық нақыштағы бұйымдар жайлы айтып берді. Сонымен қоса топпен жұмыс жасап, өзгелерге сыйластық көрсету, достық қарым-қатынаста болуды үйретті.
Жаңалық
«Менің бауырым» жобасы аясында «Дарынды бала» балабақшасында адами қасиеттерді дәріптеу, ізгілікке, ұлттық құндылықтарды танып білу мақсатында бүлдіршіндерге ойын форматында танымдық сабақ ұйымдастырды.
2024 ж. 25 сәуір
«Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК
Медиа жаңалықтар
1 из 4