25.09.2024 ж. күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде Үштілді білім беру апталығы аясында «Жаһандану дәуіріндегі үштілділік» тақырыбында конференция өтті.Іс-шара студенттердің мемлекеттік, орыс және шет тілдерін білуге деген қызығушылығын ояту, халықтың мәдени мұрасын зерделеу арқылы патриотизмге тәрбиелеу мақсатында өткізілді.Конференцияда 1-2 курс студенттері баяндама жасап, республикамыздағы көптілділіктің жаһандану дәуірінің рөлі, маңыздылығы туралы ақпарат жеткізді.Іс-шара соңында жүргізушілер конференцияның барлық қатысушыларын тағы да құттықтап, белсенді қатысқан студенттерге алғыс хаттар табыстады. Бұл өте маңызды, қызықты шара болып өтті.
Конференцияны ұйымдастырушылар: Қазақ тілі пәнінің оқытушысы Карманова С. Б., орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Нокина А. А., ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Абильмажин А. А.
Шараға 40 студент қатысты.