Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

«Бастауыш білім беру» бөлімінің 3 курс студенттерінің педагогикалық практикасы

16.10.2024 ж. күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі «Бастауыш білім беру» бөлімінің 3 курс студенттері қаламыздағы Абай атындағы мектеп-гимназияда педагогикалық практикада болып, байқау сабақтарын өткізді. Байқау практикасы кезінде Турганова Балнұр 2 «Ғ» сыныбына Жаратылыстану пәнінен «Жануарлар бір-бірімен несімен ерекшеленеді?» тақырыбындағы сабағында жануарлар әлемінен сыр шертетін мәліметтермен және оның ерекшеліктері туралы қосымша деректерді қамти отырып, түсіндірді. Ал студенттер – Тағай Ақтоты, Серікбек Назгүл 3-сыныптарда «Омыртқалы мен омыртқасыз жануарлар» тақырыбындағы сабақтарында жануарлар тобының арасындағы айырмашылықты ажыратуға бағытталған тапсырмаларды шығармашылықпен орындатты.Әр практикант тәжірибе жинақтау барысында пәндік сабақтарда инновациялық технологияларды, оқу-көрнекі құралдарды тиімді қолдануды және болашақ бастауыш сынып мұғалімнің портфолиосын қалай жасақтауға болатынын меңгерді.

Практика жетекшісі: Биология пәнінің оқытушысы, педагог-модератор Ильяшева Ш.


«Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК

Медиа жаңалықтар

1 из 4

Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2024 ж. 18 қазан
«Бастауыш білім беру» бөлімінің 3 курс студенттерінің педагогикалық практикасы

«Бастауыш білім беру» бөлімінің 3 курс студенттерінің педагогикалық практикасы

Толығырақ
Жаңалық
2024 ж. 18 қазан
1-курс студенттеріне арналған «Студенттік қатарға қабылдау» мерекелік шара

1-курс студенттеріне арналған «Студенттік қатарға қабылдау» мерекелік шара

Толығырақ
Жаңалық
2024 ж. 18 қазан
Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл толуына арналған облыстық «Сәкен оқулары» мәнерлеп оқу байқауы

Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл толуына арналған облыстық «Сәкен оқулары» мәнерлеп оқу байқауы

Толығырақ
Жаңалық
2024 ж. 18 қазан
«Экстремизм мен терроризмді насихаттайтын интернет ресурстардың қауіптілігі» тақырыбында кездесу

«Экстремизм мен терроризмді насихаттайтын интернет ресурстардың қауіптілігі» тақырыбында кездесу

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

Тел: (7212) 56-49-33, 56-05-40, 56-12-70
kar-gum@krg-edu.kz
г. Караганда Н.Назарбаева, 22 Мекен-жайды картада көрсету
https://kgk.mycollege.kz/