17.10.2024 ж. күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің «Көркем еңбек» бөлімінің арнайы пәндер оқытушысы, педагог-зерттеуші, педагогика ғылымдарының магистрі Торебаева Г.Р. академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің Педагогика факультетінің 40 жылдығына орай ұйымдастырылған «Қазіргі заманғы кәсіби педагогикалық білім беру дәстүрінің сабақтастығы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Конференцияның «Қазіргі заманғы көркем білім: жаңа тәсілдер мен тәжірибе» атты секция отырысында «Техникалық және кәсіптік білім беру жағдайында көркем еңбек пәнінің мұғалімін дайындау ерекшеліктері» тақырыбында баяндама жасаған Гәкку Рымтайқызы, білім беру қажеттіліктерінің әртүрлілігі мен қызмет пен дағдылардың айырмашылығын негізге ала отырып, мамандықты «Технология» және «Бейнелеу өнері және сызу» мамандықтарына бөлуді ұсынды. Бұл болашақ мамандарды нақты кәсіби міндеттеріне сәйкес тиімді дайындап, мектептерде осы пәндерді оқыту сапасын арттыратынын атап өтті.
Жаңалық
«Қазіргі заманғы кәсіби педагогикалық білім беру дәстүрінің сабақтастығы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция
2024 ж. 21 қазан
«Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК
Медиа жаңалықтар
1 из 3