21.10.2024 ж. күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде Республика күніне арналған "Менің Отаным- Қазақстан" тақырыбында Қ-23 тобының ұйымдастыруымен ашық тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты - өскелең ұрпақты отансүйгіштік пен толеранттылыққа, рухани- адамгершілікке тәрбиелеу.
Іс-шара барысында топ студенттері Отан туралы өлеңдер оқып, Отанымыздың тарихы туралы мол мағлұматтар берді, тың мәліметтер ел тарихымен танысты, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу және даму кезеңдері, сол кездегі экономикалық, әлеуметтік және мәдени салалардағы негізгі міндеттер туралы ақпарат берді.
Қорытынды ретінде «Алға Қазақстан» әнін орындады.
Топ жетекшісі: Орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Нокина А.А.