24.10.2024 ж. күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде25 қазан – Республика күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным» атты мерекелік іс-шара өтті.
Мақсаты – өскелең ұрпақты елін сүюге, құрметтеуге, отанын қастерлеуге тәрбиелеуге ықпал ету.
Мерекелік іс-шарада еліміздің қоғамдық-саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани өміріндегі өзгерістерді кеңінен насихаттау, қоғам алдындағы жоғары жауапкершілік, патриотизм мен Қазақстан азаматтарының бірлігі туралы ақпараттар айтылып, бейнебаян көрсетілді.Колледж студенттері әуелете ән айтып, күй шертіп, би билеп, көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Ұйымдастырушы: орыс тілі және әдебиеті пәні оқытушысы А.А.Нокина.