29.10.2024 ж. күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің «Көркем еңбек» бөлімінің 4 курс студенттерінің «Мектептегі байқау сабақтары» практикасы бойынша қорытынды есеп беру конференциясы өтті.
Студенттер тәжірибе барысында колледжде оқыту әдістемесі бойынша алған білімдерін тәжірибеде жүзеге асырып, әдістер мен тәсілдерді тиімді қолданғанын, оқушылармен қарым-қатынас жасап, кездескен қиындықтарды жеңе алғанын айтты. Бұл студенттерге болашақ мамандығына деген қызығушылықты тереңдетуге, ертеңгі мұғалім мен тәлімгер сияқты өзіне деген сенімділікті арттыруға мүмкіндік берді.