21.11.2024 ж. күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде қаржылық сауаттылық апталығы аясында "Отандық брендті бірге қалыптастырайық" атты іс-шара өтті. Бұл шараға колледждің шығармашыл студенттерінен құралған «Qazna» және «Сұлулық әлемі» топтары қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – отандық бренд құрудың қадамдарын көрсету, студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту және қаржылық сауаттылықты арттыру болды.
Қатысушылар жаңа брендтің тұжырымдамасын әзірлеп, логотип, атау және өнім дизайнын ұсынды. Сонымен қатар, брендтің нарыққа шығу стратегиясын жасау бойынша өз идеяларын қорғады. Әділқазылар жобаларды бағалап, үздік жұмыстарды атап өтті. Шараға барлығы 40 студент қатысты. Ұйымдастырушы тарих пәнінің оқытушысы Игенова Назира Өксікбайқызы.