16.01.2025 ж.күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде құқықтық сауаттылық апталығы аясында «Жасөспірімдер арасындағы қорқыту және кибербуллинг» атты іс-шара өтті. Шараға колледждің 1 курс студенттері қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің буллинг, кибербуллинг туралы білімдерін және құқықтық сауаттылығын арттыру, өзара сыйластық қарым қатынас орнату. Қатысушылар балалар арасында буллингтің пайда болу себептерін, оның зардаптары мен алдын алу жолдарын ұсынып, өз пікірлерімен бөлісті. Пікір алмасу шарасы психолог Амирова Күлшат Білімжанқызының психологиялық тренинг өткізуімен аяқталды. Шараға барлығы 40 студент қатысты. Ұйымдастырушы тарих пәнінің оқытушысы Игенова Назира Өксікбайқызы.