Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

Табысқа жету жолы: Lesson Study әдісі арқылы шеберлік пен тәжірибені біріктіру»

20.02.2025 ж. күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің базасында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының басшылығымен колледж әдіскерлерінің облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмысы аясында «Табысқа жету жолы: Lesson Study әдісі арқылы шеберлік пен тәжірибені біріктіру» тақырыбында әдістемелік күн өткізілді.

Іс-шараны «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК басшысының орынбасары Т.Г. Нартова, «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК директоры Г. С. Уатаева құттықтау сөздерімен және баяндамаларымен ашты.

Сонымен қатар, кіріспе бөлімде: Е. А. Маторина, «Қарағанды қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ филиалының директоры; С. Д. Джуманқулова, Колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары; О. В. Траксель және А. М. Мергенбаева, Колледж оқытушылары баяндама жасады.

«Оқытуды жақсартудың тиімділігі» негізгі бөлімінде іс-шараға қатысушылар микрогруппаларға бөлініп, Колледждің жетекші педагогтері көрсеткен «Lesson Study» әдісін қолдана отырып кезең-кезеңмен сабақтарына қатысты:

- Тойымбекова Ж.Б., қазақ тілі мен әдебиеті, арнайы пәндер оқытушысы, «Әңгіме жанрын оқыту» тақырыбында;

- Муханова Г.Т., қазақ тілі мен әдебиеті, арнайы пәндер оқытушысы, «Қобыланды батыр» жыры» тақырыбында;

- Тойбекова Ж.А., арнайы пәндер оқытушысы, «Есептерді иллюстрациялу. Жылдамдық, уақыт, қашықтық арасындағы байланыс. Жылдамдық, уақыт, қашықтық шамалар арасындағы байланысты талдау» тақырыбында;

- Изотова Е.А., арнайы пәндер оқытушысы, «Методы и приемы борьбы со стрессом» тақырыбында;

- ⁠Валиева А.Г., арнайы пәндер оқытушысы, «Деятельность» тақырыбында;

- Мазитова Ю.А., ағылшын тілі, арнайы пәндер оқытушысы, «Usage of AI in ESL teaching» тақырыбында.

Әр сабақтан кейін талқылаулар өткізілді.

Іс-шара соңында «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК әдіскері А.А. Кнашина рефлексия жүргізіп, қорытындылар шығарылып, ұсынымдар берілді.

Іс-шараға облыстың техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары директорларының оқу/ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарлары, әдіскерлері мен педагогтері қатысты. Жалпы қамту 35 адамды құрады.


Медиа жаңалықтар

1 из 2

Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2025 ж. 3 наурыз
«Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің үздік оқытушысы» облыстық байқауы

30.01.2026 г. преподаватель Карагандинского высшего гуманитарного колледжа Муханова Гульден Тунгышбайкызы приняла участие в областном конкурсе «Лучший преподаватель предмета «Казахский язык и литература»» среди педагогов организаций технического и профессионального, послесреднего образования и завоевала І место. Искренне поздравляем с победой! Желаем вам творческих успехов, профессионального роста и новых достижений.

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 3 наурыз
«Орыс тілі мен әдебиеті кеңістігі» атты облыстық педагогикалық идеялар мен шеберлік байқауы

28.01.2025 г. в областном конкурсе педагогических идей и мастерства «Пространство русского языка и литературы» среди педагогов организаций технического и профессионального, послесреднего образования, прошедшем на базе Карагандинского высшего политехнического колледжа и организованном Учебно-методическим центром развития образования Карагандинской области, преподаватель Карагандинского высшего гуманитарного колледжа Траксель Ольга Валентиновна заняла I призовое место. Пусть ваш труд приносит плоды!

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 3 наурыз
«Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысқан облыстық пікірсайыс турнирі

ЖЕТІСТІКПЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 24.01.2026 ж. Қарағанды облысы Білім басқармасының «Сарыарқа дарыны» БКББ ұйымдастыруымен, 2025 жылғы дебат турнирінде жеңіске жеткен командалар арасында «Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысқан облыстық пікірсайыс турнирінде 🥈 ІІ орын иеленген «Жеті жарғы» командасын шын жүректен құттықтаймыз! 👨‍🏫 Жетекшісі: Аяғанов Алтай Бодеевич Жастарымыздың ойы ұшқыр, сөзі нық, жеңісі тұрақты болсын! #СарыарқаДарыны #АдалАзамат #БіртұтасТәрбие #Дебат #Пікірсайыс #ЖетіЖарғы #ЖастарЖетістігі

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 3 наурыз
«ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ – МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ САПАСЫНЫҢ НЕГІЗІ» тақырыбында облыстық кездесу

22.01.2026 г. студенты отделения «Дошкольное воспитание и обучение» «Карагандинский высший гуманитарный колледж» приняли участие в областном мероприятии на тему «Преемственность поколений — основа качества дошкольного образования», которая была организована учебно- методическим центром развития образования Карагандинской области и прошла в Управлении образования Карагандинской области. В ходе встречи студенты проявили активность, поделились своими взглядами и мнениями, а также получили ценные наставления и вдохновение от ветеранов труда.

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

Тел: (7212) 56-49-33, 56-05-40, 56-12-70
krg-koll-6870@bilim09.kz
г. Караганда Н.Назарбаева, 22 Мекен-жайды картада көрсету
https://kgk.mycollege.kz/