11.04.2025 ж. күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің «Музыкалық тәрбиенің теориясы мен әдістемесі, фортепиано» ЦӘК ашық апталығының жабылу салтанаты өтті. Ашық іс-шара «Музыкалық білім беру» бөлімінің аралас хорымен ашылып, апталықта өткізілген «Мен – болашақ мұғаліммін», «Абсолюттік есту», «Шарқыра аспап» сайыстарының қорытындысы бойынша жүлделі орындалға ие болған студенттерді марапаттаумен жалғасты. Гала-концерт жеңімпаздардың өнер көрсетуімен тәмамдалды.