Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

«JasSkills» өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты

025 жылдың 23 сәуірінде Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің базасында «Бастауыш сыныптарды оқыту» құзыреті бойынша 9-сынып оқушылары арасында «JasSkills» өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты өтті.

Іс-шара Қарағанды облысының білім басқармасының жоспарына сәйкес, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы және Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі ұйымдастыруымен өткізілді.

Чемпионатты Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің директоры Уатаева Гүлмира Сұлтанмұратовна ашып, қатысушыларға сәттілік тілеп, жылы лебізін білдірді.

Чемпионат «Жұмысшы мамандықтары жылы» және «Педагогикалық сынып» жобасы аясында өтті. Мақсаты – оқушыларға мұғалімдік мамандықты таныстырып, кәсіби бағдар беру.

Финалға 11 оқушы қатысып, келесі төрт модуль бойынша өз шеберліктерін көрсетті:

1. «Мен – жаңа форматтағы бастауыш сынып мұғалімімін» – қатысушылар 1 минуттық бейнеролик арқылы өзін қазіргі заманғы мұғалім ретінде таныстырды (сыртқы бағалау).

2. «Super Ped Star!» – TEDx форматындағы презентация. Қатысушылар білім берудегі заманауи мәселелер туралы ой қозғап, жеке көзқарастарын ортаға салды (ұзақтығы 3–5 минут).

3. «Smart quiz» – IT Gimkit платформасында ұйымдастырылған онлайн блиц-турнир. 20 сұраққа 10 минут ішінде жауап берілді.

4. «Prospective teacher» (Болашақтағы мұғалім) – қатысушылар болашақтағы мұғалімнің бейнесін макет түрінде ұсынып, жобаларын қорғады.

Нәтижесінде:

• 1 орын – Ахмет Кәусар Жасұланқызы (№65 ЖББМ),

• 2 орын – Марат Алижан Бейбітұлы (Көкпекті ЖББМ),

• 3 орын – Таупық Марғұлан Нұрланұлы (Көкпекті ЖББМ).

Жеңімпаздар мен жетекшілері дипломдармен марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2025 ж. 28 сәуір
«Жастардың психологиялық денсаулығы. Стрестен арылу жолдары» атты релаксациялық сессия форматында «Жаспен бірге» жастар клубының кезекті отырысы

25 сентября в читальном зале Карагандинской областной универсальной библиотеки состоялось очередное заседание молодежного клуба «Жаспен бірге» в формате релаксационной сессии на тему «Психологическое здоровье молодежи. Пути избавления от стресса». Специальным спикером встречи была приглашена квалифицированный психолог нашего колледжа Күлшат Амирова, которая представила участникам содержательную и полезную информацию.

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 28 сәуір
Ұлттық студенттер лигасы

арагандинский высший гуманитарный колледж награждён грамотой Управления образования Карагандинской области за II место в общем командном зачёте среди девушек (I дивизион) на областном этапе Национальной студенческой лиги, по итогам 2024-2025 года Поздравляем студентов и преподавателей с заслуженной победой!

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 28 сәуір
«Жаңа ғасыр жастары»

25 сентября 2025 года в Карагандинском высшем гуманитарном колледже прошла веселая и увлекательная игра Жайдарман на тему «Жаңа ғасыр жастары». Во время игры зрителей впечатлили находчивость и таланты молодого поколения. Главный приз достался команде "Гумания"! I место- команда «ҚыздарParty»  II место-команда "Хайп-Тайм" III место-команда "Аманат" Благодарим всех участников! От всей души поздравляем победителей!

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 28 сәуір
«Экокурс» жобасы

Проект «ЭкоКурс», реализуемый в рамках Концепции развития экологической культуры «Чистый Казахстан» в Карагандинской области на 2024–2029 годы, является важной инициативой по экологическому просвещению молодёжи. В рамках этого проекта 25 сентября 2025 года прошёл конкурс «Зелёный мир», в котором студенты 2 курса Карагандинского высшего гуманитарного колледжа приняли активное участие и заняли призовое II место! Руководитель:Иляшова Ш.А.

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

Тел: (7212) 56-49-33, 56-05-40, 56-12-70
krg-koll-6870@bilim09.kz
г. Караганда Н.Назарбаева, 22 Мекен-жайды картада көрсету
https://kgk.mycollege.kz/