Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

«ЕңбекLife» облыстық квест-ойыны

25.04.2025 ж. күні Қарағанды облысының білім басқармасы жоспарына сәйкес, «Жұмысшылар мамандығы жылы» аясында Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі мен «Сарыарқа дарыны» балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығы бірлесіп, «Кәусар» оқушылар сарайында «Көркем еңбек» пәні бойынша орта білім беру ұйымдарының 9-сынып оқушылары арасында «ЕңбекLife» облыстық квест-ойынын ұйымдастырып, өткізді.

Байқаудың мақсаты – орта білім беру ұйымдарының 9-сынып оқушылары арасында «Көркем еңбек» пәні бойынша білімін жүйелеу, кеңейту және бекіту, сондай-ақ кәсіби бағдар беру.

Квест-ойынына Қарағанды қаласы мен Қарқаралы, Шет, Ақтоғай, Нұра, Бұқар жырау аудандарынан 8 команда қатысты.

Ойын шарты бойынша командалар 6 станциядан өту үшін тапсырмалар орындады:

1. «Әдебиет» станциясы.

2. «Слесарь» станциясы.

3. «Ағаш өңдеу» станциясы.

4. «Электр» станциясы.

5. «Құрылыс» станциясы.

6. «Автошеберхана» станциясы. Облыстық квест-ойынына келесі құрамдағы қазылар алқасы баға берді: Комиссия төрағасы – Макенов Э. А. – Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің «Көркем еңбек» бөлімінің арнайы пәндер оқытушысы, Қазақстан Республикасы дизайнерлер одағының мүшесі. Исмаилов С. Б. – Қарағанды қаласы білім бөлімінің эстетикалық циклдер бағыты бойынша әдіскері, Суйиндиков Ж. Т. - №85 негізгі орта мектептің көркем еңбек пәні мұғалімі, Мустафин А. К. – Мағжан Жұмабаев атындағы №39 гимназияның көркем еңбек пәні мұғалімі, Махамбетов А. Р. - №66 мектеп-лицейінің көркем еңбек пәні мұғалімі, Тукенов Қ. Ұ. – Сәкен Сейфуллин атындағы гимназияның көркем еңбек пәні мұғалімі, Талғат М. - №19 жалпы білім беретін орта мектептің көркем еңбек пәні мұғалімі, Карманова С. Б. – Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы.

Квест-ойынының қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

І орын – «Жақып Ақбаев атындағы» ЖББМ, Қарағанды қаласы, жетекшісі: Сатыбалдин Д. Т.

ІІ орын – Күләш Бәйсейітова атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық), Ақтоғай ауданы, жетекшісі: Әбен С.Е.

ІІ орын – Қазыбек Нұржанов атындағы гимназия, Қарағанды қаласы, жетекшісі: Фадин В. В.

ІІІ орын – Қарқаралы қаласының академик Орынбек Жәутіков атындағы №1 жалпы білім беретін мектебі, жетекшісі: Бөдесов Д. Н.

ІІІ орын – Батық ЖББМ, Шет ауданы, жетекшісі: Дюсембекова А. Ж.

ІІІ орын – Мағжан Жұмабаев атындағы гимназия, Қарағанды қаласы, жетекшісі: Жумадилова К. Б.

Жеңімпаздар дипломдармен және арнайы сыйлықтар марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.

Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2025 ж. 28 сәуір
«Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің үздік оқытушысы» облыстық байқауы

30.01.2026 г. преподаватель Карагандинского высшего гуманитарного колледжа Муханова Гульден Тунгышбайкызы приняла участие в областном конкурсе «Лучший преподаватель предмета «Казахский язык и литература»» среди педагогов организаций технического и профессионального, послесреднего образования и завоевала І место. Искренне поздравляем с победой! Желаем вам творческих успехов, профессионального роста и новых достижений.

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 28 сәуір
«Орыс тілі мен әдебиеті кеңістігі» атты облыстық педагогикалық идеялар мен шеберлік байқауы

28.01.2025 г. в областном конкурсе педагогических идей и мастерства «Пространство русского языка и литературы» среди педагогов организаций технического и профессионального, послесреднего образования, прошедшем на базе Карагандинского высшего политехнического колледжа и организованном Учебно-методическим центром развития образования Карагандинской области, преподаватель Карагандинского высшего гуманитарного колледжа Траксель Ольга Валентиновна заняла I призовое место. Пусть ваш труд приносит плоды!

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 28 сәуір
«Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысқан облыстық пікірсайыс турнирі

ЖЕТІСТІКПЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 24.01.2026 ж. Қарағанды облысы Білім басқармасының «Сарыарқа дарыны» БКББ ұйымдастыруымен, 2025 жылғы дебат турнирінде жеңіске жеткен командалар арасында «Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысқан облыстық пікірсайыс турнирінде 🥈 ІІ орын иеленген «Жеті жарғы» командасын шын жүректен құттықтаймыз! 👨‍🏫 Жетекшісі: Аяғанов Алтай Бодеевич Жастарымыздың ойы ұшқыр, сөзі нық, жеңісі тұрақты болсын! #СарыарқаДарыны #АдалАзамат #БіртұтасТәрбие #Дебат #Пікірсайыс #ЖетіЖарғы #ЖастарЖетістігі

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 28 сәуір
«ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ – МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ САПАСЫНЫҢ НЕГІЗІ» тақырыбында облыстық кездесу

22.01.2026 г. студенты отделения «Дошкольное воспитание и обучение» «Карагандинский высший гуманитарный колледж» приняли участие в областном мероприятии на тему «Преемственность поколений — основа качества дошкольного образования», которая была организована учебно- методическим центром развития образования Карагандинской области и прошла в Управлении образования Карагандинской области. В ходе встречи студенты проявили активность, поделились своими взглядами и мнениями, а также получили ценные наставления и вдохновение от ветеранов труда.

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

Тел: (7212) 56-49-33, 56-05-40, 56-12-70
krg-koll-6870@bilim09.kz
г. Караганда Н.Назарбаева, 22 Мекен-жайды картада көрсету
https://kgk.mycollege.kz/