28.04.2025 ж. күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде баяншылар ансамблі есептік бағдарламамен өнер көрсетті.
Ансамбль құрамында 1-4 курс студенттері.
Ансамбльдің оркестрден айырмашылығы — құрамының шағындығы және дайындық жұмыстарының көлемінің аздығы.
Ансамбль жетекшісі тәжірибелі педагог Гельманов Шамиль Салихович әртүрлі шығармаларды ұсынды.
- В. Зубковтың "Встреча" "Цыган" фильмінен үзінді.
- И. Корнелюктің "Город которого нет" шығармасы.
Сонымен қатар вокалдық шығармалар да орындалды:
- Тото Кутуньоның "Бабье лето" әні,
- К. Веласкестің "Besame mucho" әні.
Бұл әндерді ансамбльдің сүйемелдеуімен оқытушы Ермұхамбетов Е.Б. және 3 курс студенті Өміржан Ж. орындады.