28.04.2025 ж.күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде 2025 жылғы түлектерді алдын ала жұмысқа орналастыру бойынша іс шара өтті. Мемлекеттік және жеке білім беру ұйымдарының 14 өкілі іс шараға қатысты : «Растем вместе» мектепке дейінгі шағын орталығы, "Ертегі"б\б , "Азбука", "Ақбота"б\б, "Алпамыс"б\б, "Умникум", "Алданыш"б\б, №65 ЖОББМ, "Бәйтерек"б\б және т.б. Мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары педагогикалық мамандықтардың түлектеріне мемлекеттік тілде және орыс тілінде: тәрбиешілер, музыка жетекшілері, дене тәрбие нұсқаушысы, балабақшадағы қазақ тілі мұғалімдері қажет екені туралы айтты. Топ жетекшілері мен түлектер жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар білім беру ұйымдарын, сондай-ақ колледжді бітіргеннен кейін түлектер оқуын жалғастыратын жоғары оқу орындарын атап өтті.