10.11.2025 ж. күні Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы және Теміртау техникалық колледжінің ұйымдастыруымен «Егемен Қазақстан тарихы» облыстық олимпиадасының бірінші туры өтті. Қазақ хандығының 560 жылдығына арналған «Қазақстанның тәуелсіздігі еркіндік пен бірлік символы» тақырыбындағы пәндік олимпиаданың екінші турына жолдама алған Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің студенттері 14.11.2025 ж. күні Секербай Мәдина мен Клевцова Дарья қатысып жақсы нәтижелер көрсетті. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын, «Ұшқыр ой алаңы» жобасын жүзеге асыру аясында өткізілген олимпиаданың қорытындысы бойынша Секербай Мәдина І дәрежелі дипломмен марапатталса, Клевцова Дарья сертификат иегері атанды.
Жетекшілері: Исатаев Дархан Касарович, Ибраева Динара Ганиевна.