12.11.2025 ж. күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде «Жас маман мектебі» ұстаздарына арналған
«Алғашқы қадам – үлкен жетістік» атты мотивациялық тренинг өтті.
Тренинг барысында қазіргі таңда жас педагогтар кездесетін өзекті мәселелер талқыланып, оларды шешудің тиімді жолдары қарастырылды.
Қатысушылар кәсіби даму, ішкі ресурстарды ояту және жұмыстағы мотивацияны арттыруға бағытталған практикалық тапсырмалар орындады.
Тренингті колледждің педагог-психологі жүргізді.
Іс-шара жас мамандарға шабыт беріп, жаңа күш-қуатпен алға қадам жасауға мүмкіндік сыйлады.