25.11.2025 ж.күні Қарағанды жоғары политехникалық колледжінде Қарағанды облысының колледж студенттері арасында үстел теннисінен облыстық жарыс өтті.
Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің қыздар командасы: Айтқали Мөлдір (Қ-23), Нақыпбек Диана (ДШ-22) және Музафар Інқар (М-25) құрамында 3-орынға ие болды.
Спортшы қыздарды жеңістерімен құттықтап, жаңа белестерге жете берулерін тілейміз!