Дубай қаласында өткен 2025 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионатында паражүзуден ел намысын абыроймен қорғап, жоғары нәтиже көрсеткен Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің ДШ-25 тобының студенттері — Дүйсенбаев Нұрдаулет пен Бейсекеева Ділназды қолдаушылары ерекше ықыласпен қарсы алды.
Жеңіспен оралған спортшыларды жылы лебіздермен қарсы алып, мақтаныш пен қуанышқа толы сәтке куә болдық. Бұл — табандылық пен еңбектің, сенім мен қолдаудың жарқын көрінісі.
Нұрдаулет пен Ділназға алдағы жарыстарда да сәттілік тілейміз! Колледжіміз сіздермен мақтанады! ![]()