Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Адал азамат – елдің шамшырағы» тақырыбында тағылымды кездесу кеші

19.12.2025 ж. күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Адал азамат – елдің шамшырағы» тақырыбында тағылымды кездесу кеші өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы әлеуметтік осал топтардың құқықтары жөніндегі уәкілі Сейтжан Кенжеғұл Социалұлы қатысып, студент жастармен мазмұнды әрі еркін форматта кездесу өткізді.

Кездесудің басты мақсаты – студент жастардың бойына адалдық, әділдік, жауапкершілік, мейірімділік сынды жалпыадамзаттық құндылықтарды сіңіру, сондай-ақ ерекше білім беруді қажет ететін студенттердің өмірге деген жігерін үлгі ету.

Іс-шара аясында колледж директоры Гүлмира Сұлтанмұратовна Сейтжан Кенжеғұл Социалұлымен бірлесе отырып, ерекше білім беруді қажет ететін студенттердің оқу бағдарламасын толық әрі сапалы меңгеруіне тең жағдай жасау мақсатында «Ерекше білім беруді қажет ететін студенттерді қолдау кабинетін» ашты.

Кабинет заманауи арнайы құрал-жабдықтармен қамтылды:

🔹 портативті Брайль дисплейі

🔹 ZoomText Fusion бағдарламасы орнатылған компьютер

🔹 ViewPlus Embraille Брайль принтері

Колледж мақтаныштары – көру қабілеті бұзылғанымен, спортта жоғары жетістіктерге жеткен студенттер:

 Дүйсенбаев Нұрдәулет

 Бейсекеева Ділназ

 Гайнуллов Марсель

Аталған спортшылар 2025 жылдың желтоқсан айында Дубай қаласында өткен V Азия жасөспірімдер пара ойындарында алтын медаль иеленіп, ел мерейін асқақтатты.

Кештің құрметті қонағы – Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің түлегі, жүзуден төрт дүркін Паралимпиада чемпионы Анатолий Федоровский, жастармен өзінің өмір жолы мен жетістікке жету тәжірибесімен бөлісті. Кездесу барысында студенттер қонақтармен еркін сұхбаттасып, көкейдегі сұрақтарына мазмұнды жауаптар алды. Тағылымды әрі тәрбиелік мәні зор кездесу кеші мерекелік концертпен қорытындыланды.

Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2025 ж. 23 желтоқсан
«Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің үздік оқытушысы» облыстық байқауы

30.01.2026 г. преподаватель Карагандинского высшего гуманитарного колледжа Муханова Гульден Тунгышбайкызы приняла участие в областном конкурсе «Лучший преподаватель предмета «Казахский язык и литература»» среди педагогов организаций технического и профессионального, послесреднего образования и завоевала І место. Искренне поздравляем с победой! Желаем вам творческих успехов, профессионального роста и новых достижений.

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 23 желтоқсан
«Орыс тілі мен әдебиеті кеңістігі» атты облыстық педагогикалық идеялар мен шеберлік байқауы

28.01.2025 г. в областном конкурсе педагогических идей и мастерства «Пространство русского языка и литературы» среди педагогов организаций технического и профессионального, послесреднего образования, прошедшем на базе Карагандинского высшего политехнического колледжа и организованном Учебно-методическим центром развития образования Карагандинской области, преподаватель Карагандинского высшего гуманитарного колледжа Траксель Ольга Валентиновна заняла I призовое место. Пусть ваш труд приносит плоды!

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 23 желтоқсан
«Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысқан облыстық пікірсайыс турнирі

ЖЕТІСТІКПЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 24.01.2026 ж. Қарағанды облысы Білім басқармасының «Сарыарқа дарыны» БКББ ұйымдастыруымен, 2025 жылғы дебат турнирінде жеңіске жеткен командалар арасында «Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысқан облыстық пікірсайыс турнирінде 🥈 ІІ орын иеленген «Жеті жарғы» командасын шын жүректен құттықтаймыз! 👨‍🏫 Жетекшісі: Аяғанов Алтай Бодеевич Жастарымыздың ойы ұшқыр, сөзі нық, жеңісі тұрақты болсын! #СарыарқаДарыны #АдалАзамат #БіртұтасТәрбие #Дебат #Пікірсайыс #ЖетіЖарғы #ЖастарЖетістігі

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 23 желтоқсан
«ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ – МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ САПАСЫНЫҢ НЕГІЗІ» тақырыбында облыстық кездесу

22.01.2026 г. студенты отделения «Дошкольное воспитание и обучение» «Карагандинский высший гуманитарный колледж» приняли участие в областном мероприятии на тему «Преемственность поколений — основа качества дошкольного образования», которая была организована учебно- методическим центром развития образования Карагандинской области и прошла в Управлении образования Карагандинской области. В ходе встречи студенты проявили активность, поделились своими взглядами и мнениями, а также получили ценные наставления и вдохновение от ветеранов труда.

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

Тел: (7212) 56-49-33, 56-05-40, 56-12-70
krg-koll-6870@bilim09.kz
г. Караганда Н.Назарбаева, 22 Мекен-жайды картада көрсету
https://kgk.mycollege.kz/