22.12.2025 ж күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде «Жас мамандар мектебі» аясында «Soft Skills - заманауи педагогке қажетті дағдылар» тақрыбында workshop өткізілді. Іс-шараның мақсаты – педагогтердің кәсіби қызметінде маңызды саналатын коммуникативтік қабілет, командамен жұмыс, эмпатия, сыни ойлау, уақытты басқару және көшбасшылық дағдыларын дамыту. Workshop барысында қатысушылар интерактивті тапсырмалар, жағдаяттық ойындар, топтық талқылаулар арқылы soft skills-тің сабақ сапасына әсерін талдап, тәжірибеде қолдану жолдарын қарастырды. Іс-шара соңында педагогтер өз тәжірибесіне рефлексия жасап, кәсіби дамуға бағытталған нақты ұсыныстар мен қорытындылар шығарды.