23.12.2025 ж.күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде «Бастауыш сыныптарды оқыту» құзыреті бойынша «Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі» мамандығының 4-курс студенттері арасында WorldSkills кәсіби шеберлік байқауы өтті. Байқау барысында қатысушылар өздерінің кәсіби білімін, педагогикалық шеберлігін және шығармашылық әлеуетін көрсетті.
Студенттер бастауыш сыныптарға арналған сабақ фрагменттерін, тәрбиелік іс-шара элементтерін және жобалық жұмыстарын ұсынып, оқу үдерісін тиімді ұйымдастыру, заманауи педагогикалық технологияларды қолдану және оқушылармен өзара әрекеттесу дағдыларын танытты.
Байқаудың негізгі мақсаты – болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту, педагогикалық тәжірибесін жетілдіру, шығармашылық бастамаларын қолдау және WorldSkills талаптарына сай практикалық дағдыларын қалыптастыру.
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей анықталды: I орын – Глотова Валерия, II орын – Тағай Ақтоты, III орын – Шамей Айсұлу.
Аталған іс-шара студенттер үшін өз мүмкіндіктерін сынауға, кәсіби тәжірибе алмасуға және педагогикалық шеберлігін арттыруға маңызды мүмкіндік болды.