Вернуться к Новости и События
Новость

Әлеуметтік-педагогикалық инновациялардың дәстүрлі ІІІ Халықаралық жәрмеңкесінің бірінші күні

14.03.2024 ж. күні Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық- техникалық колледжі базасында екі күнге жоспарланған білім беру саласындағы әлеуметтік-педагогикалық инновациялардың дәстүрлі ІІІ Халықаралық жәрмеңкесінің бірінші күні өтті.

Аталған іс-шарада Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі мен «МҰҒАЛІМ БОЛУ – МАҚТАНЫШ!» ПЕДАГОГИКАЛЫҚ СЫНЫП БЕЙІНДІК ЖОБАСЫ бойынша серіктес С.Сейфуллин атындағы мектеп гимназиясынан қатысқан төменде көрсетілген оқытушылар әдістемелік стендтік баяндамаларын таныстырды және қазылар алқасының алдында сәтті қорғап шықты.

1. «Тарих сабағында заманауи білім беру технологиялары мен цифрлық ресурстарды қолдану» тақырыбында тарих және әлеуметтік-саяси пәндер оқытушылары Исатаев Д.К., Аяғанов А.Б., Оспанова А.Б;

2. «Бастауыш сыныпта математика және жаратылыстану пәндерінің интеграциясын 3D форматында қолдану» тақырыбында математика және биология пәндерінің оқытушылары Тойбекова Ж.А., Ильяшева Ш.А;

3. «Геймификация білім берудің заманауи тренді» тақырыбында мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу бөлімінің арнайы пәндер оқытушылары Мадешова А.А., М.В.Есмаханова;

4. "Мектепке дейінгі балалар дене тәрбиесі" оқу әдістемелік құрал мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу бөлімінің арнайы пәндер оқытушысы Идрисова М.А;

5. «Сабақ барысында қолданылатын жаңа әдіс-тәсілдер» тақырыбында «Сәкен Сейфуллин атындағы гимназиясы» КММ директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Тусупбекова М.О., Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Тукенов К. У.


Карагандинский высший гуманитарный колледж КГКП

Медиа новости

1 из 6

Другие новости и события по теме

Новость
15 марта 2024 г.
Прошла Неделя читательской грамотности согласно плану УМЦ РО Карагандинской области.

Подробнее
Новость
15 марта 2024 г.
Состоялся концерт традиционной казахской музыки и песен «Қазақ күйі»

Подробнее
Новость
15 марта 2024 г.
Открытое мероприятие по дисциплине : Выразительное чтение"

Подробнее
Новость
15 марта 2024 г.
Интеллектуальная игра: «Мақал – сөздің азығы, жұмбақ – ойдың қазығы»

Подробнее

Как нас найти

Тел: (7212) 56-49-33, 56-05-40, 56-12-70
kar-gum@krg-edu.kz
г. Караганда Н.Назарбаева, 22 Показать адрес на карте
https://kgk.mycollege.kz/