30.10.2024 ж. күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде «Бастауыш білім беру» білімінің 1-курс студенттеріне арналған «Мамандыққа қош келдің!» атты тәрбие сағаты өтті.
Тәрбие сағатының мақсаты – Бастауыш мұғалім мамандығын таңдаған студенттерді осы кәсіптің мән-маңызы және жауапкершілігімен таныстырып, олардың мамандыққа деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбие сағатында «Психологиялық ахуал», «Қызықты жағдаят», «Миға шабуыл», «Эмоцияны көрсет» атты тапсырмалар мен ойындар ойнатылды.