02-06.12.2024 ж. күндері аралығында Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде жалпы білім беретін пәндер бойынша колледжішілік пәндік олимпиада өтті.Олимпиада мақсаты – дарынды студенттерді анықтау, олардың интеллектуалдық дамуы үшін қолайлы жағдай жасау. Аталған олимпиадаға колледжіміздің барлық бөлімдерінің 1-курс студенттері қатысып, білімдерін сарапқа салды. Олимпиада жеңімпаздары мадақтамалармен марапатталды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!