Вернуться к Новости и События
Новость

«ЖАС ШЕБЕР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ АЯСЫНДА ӘДІСТЕМЕЛІК ДИАЛОГ АЛАҢЫ МЕН ШЕБЕРЛІК САҒАТТАРЫ

«ЖАС ШЕБЕР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ АЯСЫНДА ӘДІСТЕМЕЛІК ДИАЛОГ АЛАҢЫ МЕН ШЕБЕРЛІК САҒАТТАРЫ ӨТКІЗІЛДІ

28.11.2025ж. күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің базасында «Көркем еңбек» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білім беру ұйымдарының студенттеріне арналған «Жас шебер» республикалық байқауы ұйымдастырылды.

Іс-шара Қарағанды облысы білім басқармасының қолдауымен және «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы бекіткен оқу-әдістемелік бірлестіктің жоспарына сәйкес өтті.

«Жас шебер» байқауына республиканың әр түкпірінен – Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Абай, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарынан – 21 дарынды студент және олардың тәжірибелі жетекші оқытушылары қатысып, шығармашылық шеберліктерін көрсетті.

ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ ЖӘНЕ КӘСІБИ ДАМУ

Байқау барысында студенттердің жетекші оқытушыларының кәсіби біліктілігін арттыру және тәжірибе алмасу мақсатында арнайы шеберлік сағаттар мен әдістемелік алаңдар ұйымдастырылды.

1. «Цветовые ассоциации» Өткізген: Сергеенко Наталья Ивановна - Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің оқытушысы, «Көркем еңбек» мамандығына арналған Типтік оқу бағдарламасының авторы, педагог-зерттеуші.

Бұл шеберлік сағатында түстер үйлесімділігі, түстер психологиясы және білім алушылардың шығармашылық ойлауын дамытуға бағытталған әдіс-тәсілдер таныстырылды.

2. «Акварельдің тынысы: дымқыл қағазда табиғатты бейнелеу әдісі» Өткізген: Избасаров Даулет Избасарович - колледждің кескіндеме пәнінің оқытушысы, білім беру бағдарламасының авторы, байқаулар жүлдегері, педагог-зерттеуші.

Қатысушылар акварель техникасының ерекшеліктерімен танысып, дымқыл қағазда табиғи көріністерді бейнелеудің кәсіби әдісін меңгерді.

Тақырыбы: «Көркем еңбек» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасының мазмұны.

Әдістемелік диалог алаңы ЖОО өкілдері, мектеп мұғалімдері, республикалық ОӘБ мамандары және колледждің арнайы пән оқытушыларын біріктірді. Пікір алмасу барысында білім беру бағдарламалары, оқулықтар, педагог аттестациясы, тәжірибе алмасу, біліктілікті арттыру мәселелері жан-жақты талқыланды.

Спикерлер: Исполова Бибігүл Игенбайқызы - сурет пәнінің оқытушысы, Республикалық ОӘБ әдіскері, «Қосымша білім беру» мамандығының бағдарламасының авторы, «Көркем еңбек» мамандығының БББ сарапшысы, «Алтын ғасыр» галереясының кураторы және жетекшісі, педагог-зерттеуші. Торебаева Гакку Рымтаевна - тігу технологиясы пәнінің оқытушысы, «Көркем еңбек» мамандығының білім беру бағдарламасының авторы, педагогика ғылымдарының магистрі, Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің 1-курс докторанты, «Talap» КЕАҚ штаттан тыс тренері, педагог-зерттеуші. Бақбергенов Айбек Асылханович - педагогика ғылымдарының магистры, ҰТО сарапшысы, облыстық конкурс жүлдегері.

Байқау қонақтары үшін Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейіне және Қарағанды суретшілер одағының «Алтын ғасыр» галереясына арнайы экскурсия ұйымдастырылды.

Колледж директоры, ОӘБ төрайымы Уатаева Гульмира Султанмуратовна бірлесіп атқарылатын алдағы жұмыстардың маңыздылығын атап өтіп, оқу-әдістемелік бірлестіктің жоспарланған бағыттары мен жүзеге асырылатын негізгі іс-шараларымен бөлісті.

Бұл ауқымды шара жас таланттарды қолдауға, тәжірибелі мамандар арасында кәсіби байланысты нығайтуға үлес қосады деп білеміз.

Другие новости и события по теме

Новость
2 декабря 2025 г.
Областной конкурс «Лучший преподаватель предмета «Казахского язык и литературы»»

30.01.2026 г. преподаватель Карагандинского высшего гуманитарного колледжа Муханова Гульден Тунгышбайкызы приняла участие в областном конкурсе «Лучший преподаватель предмета «Казахский язык и литература»» среди педагогов организаций технического и профессионального, послесреднего образования и завоевала І место. Искренне поздравляем с победой! Желаем вам творческих успехов, профессионального роста и новых достижений.

Подробнее
Новость
2 декабря 2025 г.
Областной конкурс педагогических идей и мастерства «Пространство русского языка и литературы»

28.01.2025 г. в областном конкурсе педагогических идей и мастерства «Пространство русского языка и литературы» среди педагогов организаций технического и профессионального, послесреднего образования, прошедшем на базе Карагандинского высшего политехнического колледжа и организованном Учебно-методическим центром развития образования Карагандинской области, преподаватель Карагандинского высшего гуманитарного колледжа Траксель Ольга Валентиновна заняла I призовое место. Пусть ваш труд приносит плоды!

Подробнее
Новость
2 декабря 2025 г.
«Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысқан облыстық пікірсайыс турнирі

ЖЕТІСТІКПЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 24.01.2026 ж. Қарағанды облысы Білім басқармасының «Сарыарқа дарыны» БКББ ұйымдастыруымен, 2025 жылғы дебат турнирінде жеңіске жеткен командалар арасында «Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысқан облыстық пікірсайыс турнирінде 🥈 ІІ орын иеленген «Жеті жарғы» командасын шын жүректен құттықтаймыз! 👨‍🏫 Жетекшісі: Аяғанов Алтай Бодеевич Жастарымыздың ойы ұшқыр, сөзі нық, жеңісі тұрақты болсын! #СарыарқаДарыны #АдалАзамат #БіртұтасТәрбие #Дебат #Пікірсайыс #ЖетіЖарғы #ЖастарЖетістігі

Подробнее
Новость
2 декабря 2025 г.
Областная мероприятия на тему «Преемственность поколений — основа качества дошкольного образования»

22.01.2026 г. студенты отделения «Дошкольное воспитание и обучение» «Карагандинский высший гуманитарный колледж» приняли участие в областном мероприятии на тему «Преемственность поколений — основа качества дошкольного образования», которая была организована учебно- методическим центром развития образования Карагандинской области и прошла в Управлении образования Карагандинской области. В ходе встречи студенты проявили активность, поделились своими взглядами и мнениями, а также получили ценные наставления и вдохновение от ветеранов труда.

Подробнее

Как нас найти

Тел: (7212) 56-49-33, 56-05-40, 56-12-70
krg-koll-6870@bilim09.kz
г. Караганда Н.Назарбаева, 22 Показать адрес на карте
https://kgk.mycollege.kz/