РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАС ЗЕРТТЕУШІЛЕРДІҢ
ҚҰРЫЛТАЙЫ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ
2025 жылдың 28–29 қараша күндері Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің тарих және әлеуметтік-саяси пәндер оқытушылары мен студенттері Академик Е.А. Бөкетовтің 100 жылдығына орай ұйымдастырылған «Е.А. Бөкетов феномені: Ғалым. Ұстаз. Тұлға» тақырыбындағы Республикалық жас зерттеушілердің Құрылтайына қатысты.
Іс-шараны Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің Тарих факультеті жанындағы «Тұлғатану» ғылыми-зерттеу орталығы жоғары деңгейде, жаңа форматта ұйымдастырды.
«Тұлғатану» орталығының директоры Жамбыл Әзмұханұлы Алаш қайраткерлері мен кеңестік кезең тарихына шолу жасап, тың деректермен бөлісті.
Колледжіміздің тарих пәні оқытушысы Аяғанов Алтай Бөдеұлына ғылыми шығармашылық бағыттағы ынтымақтастық жұмысы үшін «Тұлғатану» орталығы атынан сый-құрмет көрсетілді.
Астана халықаралық университеті және басқа да білім беру ұйымдарының магистранттары мен студенттері «Қазақстан тарихының өзекті мәселелері: тарихи жады және тұлғалар тағдыры» тақырыбындағы республикалық конференцияға белсенді қатысып, ғылыми баяндамаларын қорғады.
Колледжіміздің Шетел тілі бөлімінің студенттері үздік баяндамашылар қатарынан көрініп, Сертификат иегерлері атанды:
1. Уахит Азиза Айдарханқызы (ғылыми жетекшісі – Исатаев Дархан Касарович)
2. Слем Ұлжан (ғылыми жетекшісі – Жүніс Қуаныш Серікжанұлы)
«Тұлғатану» ғылыми-зерттеу орталығындағы тарихшы әріптестеріміз Құрылтайды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің оқытушылары мен студенттері шынайы алғысын білдіреді!