11.12 - 13.12.2025 ж. күндері аралығында Дубай қаласында өткен 2025 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионатында паражүзуден қазақстандық спортшылар жоғары нәтиже көрсетті. Жарыс барысында Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің ДШ - 25 тобының студенттері Дүйсенбаев Нұрдәулет 5 алтын медаль жеңіп алып, чемпионаттың ең үздік спортшыларының бірі атанды. Ал Бейсекеева Ділназ 5 күміс медаль иеленіп, ел қоржынына қомақты үлес қосты.