Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

«Даму» шеберлер мектебі» және «Алға қадам» жобалары аясында кіріктірілген шеберлік-сыныптар

23.02.2024 ж. күні Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімі ұйымдастыруымен Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің тәжірибелі «педагог-зерттеуші» біліктілік санаты бар оқытушылары мен жас мамандары «Даму» шеберлер мектебі» және «Алға қадам» жобалары аясында кіріктірілген шеберлік-сыныптар өткізді.

Шеберлік-сыныптың ашылуында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің директоры Амиров Есжан Сарманкулович «Кәсіби шеберлік алаңы: ізденіс және тәжірибе» тақырыбында оқу орынында атқарлып отырған жұмыстар туралы баяндаса, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің әдіскері Кнашина Айнур Ахатовна өткізіліп отырған іс-шараның мақсаты мен міндеттеріне тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Аталған іс-шара барысында төменде көрсетілген оқытушылар шеберлік-сыныптарын көрсетті:

1. «СКТ (сатылай кешенді талдау) технологиясы – оқыту үдерісінде», Муханова Г.Т., қазақ тілі мен әдебиеті және арнайы пәндер оқытушысы, педагог-зерттеуші; Ербулан М.А., қазақ тілі мен әдебиеті және арнайы пәндер оқытушысы;

2. «Өзара оқытуды (Peer Learning) білім беру процесіне интеграциялау: стратегиялар мен тәжірибелер», Мазитова Ю.А., ағылшын тілі және арнайы пәндер оқытушысы, педагог-зерттеуші, педагогика ғылымдарының магистрі; Лунева Т.Е., ағылшын тілі және арнайы пәндер оқытушысы;

3. «Көркем еңбек сабақтарында 4К моделін іске асыру», Рахимбаева Т.К., көркем еңбек және арнайы пәндер оқытушысы, педагог-зерттеуші; Нурмаганбетов Н.К., математика пәні оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі.

Іс-шара соңында модераторлар - Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі директордың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Д. К. Исатаев және Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің әдіскерлері А.А. Кнашина, И.А. Зубарева рефлексия өткізді, онда тыңдаушылар қызықтырған сұрақтарға жауап алды, ұсынымдар берілді және қорытындылар шығарылып, шеберлік-сыныптар өткізген оқытушыларға сертификаттар берілді. Іс-шараға Қарағанды облысы колледждерінің 49 педагогы қатысты.


Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі ҚМҚК

Медиа жаңалықтар

1 из 12

Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2024 ж. 28 ақпан
“CASE TECHNOLOGY мәселелер мен жағдайларды шешу әдісі ретінде”тақырыбында тәжірибелік бағыттында семинары

“CASE TECHNOLOGY мәселелер мен жағдайларды шешу әдісі ретінде”тақырыбында тәжірибелік бағыттында семинары

Толығырақ
Жаңалық
2024 ж. 28 ақпан
"Отандық брендті бірге қалыптастырайық" атты іс-шарасы

"Отандық брендті бірге қалыптастырайық" атты іс-шарасы

Толығырақ
Жаңалық
2024 ж. 28 ақпан
Қаржылық сауаттылық апталығы аясында «Табысты кәсіпкермен кездесу»

Қаржылық сауаттылық апталығы аясында «Табысты кәсіпкермен кездесу»

Толығырақ
Жаңалық
2024 ж. 28 ақпан
Q TALKS форматында «Қаржылық сауаттылық: оның қоғамдағы рөлі және оны жетілдіру» тақырыбында талқылау

Q TALKS форматында «Қаржылық сауаттылық: оның қоғамдағы рөлі және оны жетілдіру» тақырыбында талқылау

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

Тел: (7212) 56-49-33, 56-05-40, 56-12-70
kar-gum@krg-edu.kz
г. Караганда Н.Назарбаева, 22 Мекен-жайды картада көрсету
https://kgk.mycollege.kz/