Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

«Менің бауырым» жобасы аясында «Таңшолпан» өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы тәрбиеленушілеріне арнап қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

«МЕНІҢ БАУЫРЫМ» ЖОБАСЫ

Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа тұжырымдамасына сәйкес, биыл 15 наурыз – Қайырымдылық күні болып белгіленген. Осыған орай 15.03.2024 ж. күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің еріктілер командасы «Менің бауырым» жобасы аясында «Таңшолпан» өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы тәрбиеленушілеріне арнап қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Колледждің еріктілері мен белсенді студенттері «Қош келдің, Әз Наурыз!» мерекелік бағдарламасын ұсынды. Шара барысында студенттер ұлттық сал-дәстүрлер тарихы жайлы баяндап, би билеп, ән шырқап, күйлер орындады. Бүлдіршіндердің көңілін көтеріп, түрлі ойындар өткізді. Сонымен қоса еріктілер өздері әзірлеген ұлттық тағамдарды (бауырсақ, шелпек, Наурыз көже, ет тағамдары) үлестірді.

#Меніңбауырым #Қайырымдылықкүні #Наурыз #Қарағандыжоғарыгуманитарлықколледжі


Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі ҚМҚК

Медиа жаңалықтар

1 из 2

Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2024 ж. 19 наурыз
"Мәнерлеп оқу" пәні бойынша ашық шара ұйымдастырылды

Толығырақ
Жаңалық
2024 ж. 19 наурыз
«Мақал – сөздің азығы, жұмбақ – ойдың қазығы» атты интеллектуалдық ойын

Толығырақ
Жаңалық
2024 ж. 19 наурыз
Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған колледж студенттерінің арасында «ҚАЗАҚТЫҢ ҚАНЫШЫ» атты облыстық зияткерлік ойын байқауы

Толығырақ
Жаңалық
2024 ж. 19 наурыз
«Мен – мұғаліммін» атты педагогикалық байқау

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

Тел: (7212) 56-49-33, 56-05-40, 56-12-70
kar-gum@krg-edu.kz
г. Караганда Н.Назарбаева, 22 Мекен-жайды картада көрсету
https://kgk.mycollege.kz/