16.10.2024 ж. күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі «Бастауыш білім беру» бөлімінің 3 курс студенттері қаламыздағы Абай атындағы мектеп-гимназияда педагогикалық практикада болып, байқау сабақтарын өткізді. Байқау практикасы кезінде Турганова Балнұр 2 «Ғ» сыныбына Жаратылыстану пәнінен «Жануарлар бір-бірімен несімен ерекшеленеді?» тақырыбындағы сабағында жануарлар әлемінен сыр шертетін мәліметтермен және оның ерекшеліктері туралы қосымша деректерді қамти отырып, түсіндірді. Ал студенттер – Тағай Ақтоты, Серікбек Назгүл 3-сыныптарда «Омыртқалы мен омыртқасыз жануарлар» тақырыбындағы сабақтарында жануарлар тобының арасындағы айырмашылықты ажыратуға бағытталған тапсырмаларды шығармашылықпен орындатты.Әр практикант тәжірибе жинақтау барысында пәндік сабақтарда инновациялық технологияларды, оқу-көрнекі құралдарды тиімді қолдануды және болашақ бастауыш сынып мұғалімнің портфолиосын қалай жасақтауға болатынын меңгерді.
Практика жетекшісі: Биология пәнінің оқытушысы, педагог-модератор Ильяшева Ш.