Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

Сарапшыларға арналған онлайн семинар

11.04.2025ж.күні «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК жанындағы «Білім» бейіні бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктің ұйымдастыруымен «Көркем еңбек» және «Музыкалық білім беру» мамандықтарының білім беру бағдарламаларына сараптама жүргізіп, тізілімге енгізу мақсатында сарапшыларға арналған онлайн семинар өтті.

Семинарға «Talap» КЕАҚ іріктеу комиссиясынан өткен сарапшылар қатысты. Семинардың мақсаты – ТжКОБ ұйымдарының білім беру бағдарламаларына сапалы сараптама жүргізу үшін сарапшы мамандардың кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру.

Семинардың ашылуында сөз сөйлеген колледж директоры, «Білім» бейіні бойынша ОӘБ төрайымы Уатаева Г.С. мен «Talap» КЕАҚ ТжКОБ әдіснамасы және мазмұны басқармасының бас менеджері Амиржанова М.Ж. сарапшылардың білім беру бағдарламаларын жетілдірудегі маңызды рөлін атап өтті. Сараптама сапасы сарапшының кәсіби дайындығына тікелей байланысты екені және тәжірибе алмасу алаңы ретінде мұндай семинарлардың маңыздылығы жоғары екенін айтылды.

Баяндамашы Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының өкілі Сапиева М.С. педагог кәсіптік стандарты: Білім беру бағдарламаларының тиімділігін бағалау құралы туралы баяндаса, колледж директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Исатаев Д.К. білім беру бағдарламаларын әзірлеу мен сараптауда ОӘБ орны мен рөліне тоқталды.

«Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжі» РМҚК директорының оқу ісі және оқу-әдістемелік бірлестік жөніндегі орынбасары Сарманова А.Б. мен Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Джуманкулова С.Д. білім беру бағдарламаларын әзірлеу кезінде туындайтын өзекті мәселелерді қозғап, оқытушылар мен мамандарға сараптама жұмыстарын жүргізу барысында кәсіптік стандарт және білім беру бағдарламаларын сәйкестендіру сұрақтарына қатысты мәселелерді шешу жолдарын ұсынды.

Тәжірибелі арнайы пән оқытушылары Аханова А.Г. және Исполова Б.И. сарапшы мамандардың кәсіби жауапкершілігі, әдістемелік дәлдік және тиімді сараптама жүргізу жолдары туралы өз тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар соңында сұрақ-жауап бөлімі ұйымдастырылып, қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, бірлескен ұсыныстарын білдірді.

Іс-шара сарапшы мамандардың кәсіби әлеуетін арттыруға, білім беру бағдарламаларының сапасын жетілдіруге және әдістемелік жұмыстарды тиімді үйлестіруге бағытталған маңызды алаң болды.

Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2025 ж. 14 сәуір
«Жастардың психологиялық денсаулығы. Стрестен арылу жолдары» атты релаксациялық сессия форматында «Жаспен бірге» жастар клубының кезекті отырысы

25 сентября в читальном зале Карагандинской областной универсальной библиотеки состоялось очередное заседание молодежного клуба «Жаспен бірге» в формате релаксационной сессии на тему «Психологическое здоровье молодежи. Пути избавления от стресса». Специальным спикером встречи была приглашена квалифицированный психолог нашего колледжа Күлшат Амирова, которая представила участникам содержательную и полезную информацию.

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 14 сәуір
Ұлттық студенттер лигасы

арагандинский высший гуманитарный колледж награждён грамотой Управления образования Карагандинской области за II место в общем командном зачёте среди девушек (I дивизион) на областном этапе Национальной студенческой лиги, по итогам 2024-2025 года Поздравляем студентов и преподавателей с заслуженной победой!

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 14 сәуір
«Жаңа ғасыр жастары»

25 сентября 2025 года в Карагандинском высшем гуманитарном колледже прошла веселая и увлекательная игра Жайдарман на тему «Жаңа ғасыр жастары». Во время игры зрителей впечатлили находчивость и таланты молодого поколения. Главный приз достался команде "Гумания"! I место- команда «ҚыздарParty»  II место-команда "Хайп-Тайм" III место-команда "Аманат" Благодарим всех участников! От всей души поздравляем победителей!

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 14 сәуір
«Экокурс» жобасы

Проект «ЭкоКурс», реализуемый в рамках Концепции развития экологической культуры «Чистый Казахстан» в Карагандинской области на 2024–2029 годы, является важной инициативой по экологическому просвещению молодёжи. В рамках этого проекта 25 сентября 2025 года прошёл конкурс «Зелёный мир», в котором студенты 2 курса Карагандинского высшего гуманитарного колледжа приняли активное участие и заняли призовое II место! Руководитель:Иляшова Ш.А.

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

Тел: (7212) 56-49-33, 56-05-40, 56-12-70
krg-koll-6870@bilim09.kz
г. Караганда Н.Назарбаева, 22 Мекен-жайды картада көрсету
https://kgk.mycollege.kz/