Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

ӨНЕР МЕН БІЛІМНІҢ БИІК ТҰЛҒАЛАРЫ: РУХАНИ КЕШ

ӨНЕР МЕН БІЛІМНІҢ БИІК ТҰЛҒАЛАРЫ: РУХАНИ КЕШ!

17.10.2025ж. күні Қарағанды қаласындағы Кеншілер мәдениет сарайының ұйымдастыруымен ұмытылмас әдеби-сазды кеш өтті. Еліміздің мәдениеті мен білім саласына өлшеусіз үлес қосқан, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлерінің өнегелі дара жолына арналған бұл кеш өнерсүйер қауымға ерекше рухани қуат сыйлады.

Кештің басты кейіпкерлері – екі қадірлі тұлға:

1. Әміров Есжан Сарманқұлұлы – 20 жылдан астам Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжін басқарған білім саласының ардагері, белгілі сазгер.

2. Кемалов Жақсыгелді – Қ. Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігінің дәстүрлі әншісі, Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің ардақты ұстазы.

Сахна төрінде кеш қонақтары өздерінің шығармашылық өмірлері мен ұстаздық қызметтерінің қыр-сырын ақтарып, терең ойлар мен қызықты естеліктермен бөлісті. Әрбір өнегелі сұхбаттан мол тәжірибе, сарқылмас жігер және туған өнерге, білім саласына деген шексіз махаббат лебі сезіліп тұрды.

Кештің басты сәні – ән мен саздың құдіреті болды! Бұл кеште сазгер Есжан Әміровтің тыңдарман жүрегінен орын алған әуезді әндері орындалды. Сазгер Есжан Сарманқұлұлының өзі баян мен гитараны сөйлетіп, бірнеше әнін шырқағанда, көрермендер қошеметі ерекше болды!

Дәстүрлі ән өнерінің хас шебері Жақсыгелді Кемалов және оның талантты шәкірттері қазақтың дәстүрлі әсем әндерін шырқап, кештің көркін қыздыра түсті. Ұстаз бен шәкірттің өнердегі сабақтастығы көрермендерге ерекше рухани ләззат сыйлады!

Бұл мерекелік кешке Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің студенттері мен оқытушылары да қатысып, ұлағатты ұстаздар мен өнер иелерінің шығармашылығынан үлгі-өнеге алып, ерекше әсермен қайтты.

Кеш ұйымдастырушыларына үлкен алғыс білдіреміз!

Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2025 ж. 6 қараша
«Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің үздік оқытушысы» облыстық байқауы

30.01.2026 г. преподаватель Карагандинского высшего гуманитарного колледжа Муханова Гульден Тунгышбайкызы приняла участие в областном конкурсе «Лучший преподаватель предмета «Казахский язык и литература»» среди педагогов организаций технического и профессионального, послесреднего образования и завоевала І место. Искренне поздравляем с победой! Желаем вам творческих успехов, профессионального роста и новых достижений.

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 6 қараша
«Орыс тілі мен әдебиеті кеңістігі» атты облыстық педагогикалық идеялар мен шеберлік байқауы

28.01.2025 г. в областном конкурсе педагогических идей и мастерства «Пространство русского языка и литературы» среди педагогов организаций технического и профессионального, послесреднего образования, прошедшем на базе Карагандинского высшего политехнического колледжа и организованном Учебно-методическим центром развития образования Карагандинской области, преподаватель Карагандинского высшего гуманитарного колледжа Траксель Ольга Валентиновна заняла I призовое место. Пусть ваш труд приносит плоды!

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 6 қараша
«Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысқан облыстық пікірсайыс турнирі

ЖЕТІСТІКПЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 24.01.2026 ж. Қарағанды облысы Білім басқармасының «Сарыарқа дарыны» БКББ ұйымдастыруымен, 2025 жылғы дебат турнирінде жеңіске жеткен командалар арасында «Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысқан облыстық пікірсайыс турнирінде 🥈 ІІ орын иеленген «Жеті жарғы» командасын шын жүректен құттықтаймыз! 👨‍🏫 Жетекшісі: Аяғанов Алтай Бодеевич Жастарымыздың ойы ұшқыр, сөзі нық, жеңісі тұрақты болсын! #СарыарқаДарыны #АдалАзамат #БіртұтасТәрбие #Дебат #Пікірсайыс #ЖетіЖарғы #ЖастарЖетістігі

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 6 қараша
«ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ – МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ САПАСЫНЫҢ НЕГІЗІ» тақырыбында облыстық кездесу

22.01.2026 г. студенты отделения «Дошкольное воспитание и обучение» «Карагандинский высший гуманитарный колледж» приняли участие в областном мероприятии на тему «Преемственность поколений — основа качества дошкольного образования», которая была организована учебно- методическим центром развития образования Карагандинской области и прошла в Управлении образования Карагандинской области. В ходе встречи студенты проявили активность, поделились своими взглядами и мнениями, а также получили ценные наставления и вдохновение от ветеранов труда.

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

Тел: (7212) 56-49-33, 56-05-40, 56-12-70
krg-koll-6870@bilim09.kz
г. Караганда Н.Назарбаева, 22 Мекен-жайды картада көрсету
https://kgk.mycollege.kz/